Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана халықаралық әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1611

Астана халықаралық әуежайында рейстер кідіріп жатыр. Жеңіс күніне орай өтетін үлкен әскери шеруге қатысты жолаушылар ұшақтарының сапары уақытша тоқтатылған. Қаланың әуе кеңістігінде парадқа қатысатын ұшақтар жоспарлы жаттығу жүргізуде. Сол себепті  жолаушылар рейстерінің әуеге көтерілуіне рұқсат жоқ. «Жолаушылардың шағымдарына қатысты мәселені  тасымалдаушылар өздері реттеп жатыр», - дейді әуежай қызметкерлері. 

Роза Елеуқызы, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:

Жалпы 21 рейс кешіктірілді. Соның ішінде 9-ы Астана қаласына ұшып келетін рейс. Және 12-сі Астана қаласынан ұшып кететін рейстер. Бұл уақыт тек қана таңғы 9-дан бастап түскі сағат 1-ге дейін. Оның ішінде ішкі ұшулар бар және халықаралық ұшулар бар. Жоспарлы жаттығулар үстіміздегі жылдың тоғызыншы мамырына дейін өткізіліп отырады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ