Қарағанды облысында 32 жастағы ер адам, педофил деген күдікпен ұсталды. Бұл жайында арнамызға облыстық ІІД өкілдері айтты. Олардың дерегіне сүйенсек, күдікті бастауыш сыныпта оқитын қыздарды алдап, оңашада жыныстық сипаттағы іс- əрекет көрсеткен.
Сондай-ақ, болған жайтты ұялы телефонға түсіруге мəжбүрлеген. Қазір арсыздыққа жол берді деген күдікпен, Қарағанды қаласының Михайлов шағын ауданының жұмыссыз тұрғыны қамауға алынған. Ол екі бірдей бірінші сынып оқушысы мен 12 жастағы тағы бір қыз балаға зорлық көрсеткен. Жаға ұстатарлық оқиғалар күдікті тұрған Михайлов және Октябрь шағын аудандарында болған. Ата-аналар балаларының ұялы телефонынан ер адамның теріс қылығын көріп, полицияға шағымданған. ІІД мамандары, жедел іздестіру барысында ұсталған күдікті кінəсін мойындағанын айтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі:
ІІД криминалдық полициясы жедел іздестіру кезінде 32 жастағы қала тұрғыны ұсталып, кәмелеттік жасқа толмағандарға күш көрсеткенін мойындады. Уақытша қамалды. Басқа да қылмыстарға қатысы бар, жоғы тексеріледі.
Айжан ҚУАШ