Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұражайда Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына орай ерекше көрме жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 1213

Өскемен мұражайларының бірінде Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына орай, ерекше көрме жұмысын бастады. Көрмеге қойылған құнды заттар келушілер назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Арасында жауынгердің бас киімі мен ас ішкен ыдыстары, әскери тілшілердің фотоаппараты мен үшбу хаттар бар. Ал мына плакаттар күні-түні бел жазбай еңбек еткен тылдағылардың жігерін жану мақсатында салынып, түрлі мекемелер мен мектептерде, әскери госпитальдарда ілінген екен. Көне радио майдан даласындағы ақпараттарды алғаш болып таратты. Көрмеге қойылған құжаттар мен фотосуреттер отты күндердегі ерліктер жайлы сыр шертеді. Өскеменде Отан соғысы жылдары аты аңызға айналған 30-шы гвардиялық дивизия жасақталды. Осы өңірден майданға аттанған 170 мың адамның 90 мыңы ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.

Василий Ахаев, ШҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Мына қылыш та сол зұлмат күндердің куәсі. Бұл қару  майданда жауға қарсы сілтенді. Ал мына оқ тескен жауынгер каскасы бүгінде тарихқа айналды. Сондықтан, бұл бұйымдарға құрметпен қарауымыз керек. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

Еркін КАРИН