Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда бағалы балыққа заңсыз қол сұғатындар азаймай тұр

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 922

 Атырауда бағалы балыққа заңсыз қол сұғатындар азаймай тұр.  Тәртіп сақшылары «Бекіре» шарасы аясында, шетелдік көлікті тоқтатқан.  Тексеру барысында 143 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. «Балық иесінің қолында, ешбір құжат болмай шықты», -деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

 Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хатшысы:

Бұл балықтардың иесі, көлік жолаушысы Дамба селосың тұрғыны 32 жасар тұрғыны екендігі анықталды. Ол  балықты Жайық жағалауынан белгісіз біреулерден сатып алғанын айтып отыр. Осы іс бойынша  ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергелуде.

Айта кетейік, сәуірдің 1-інде басталған «Бекіре» алдын-алу шарасы аясында 11 тоннадай балық заңсыз айналымнан алынды. Оның 500 келісі - бекіре тұқымдас балықтар. Оңай олжа тапқысы келген 150 азаматтың ісі сотқа жолданған.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ