Мамырдан бастап, Орал әуежайында ұшақтардың ұшу кестесі өзгереді. Оған ұшу-қону алаңын қайта жөндеу жұмыстары себеп болған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері айтты. Жөндеу жұмыстары тамызға дейін жүргізілмек. Нәтижесінде ұшу-қону алаңының ұзындығы мен ені ұлғайтылады. Бұған қоса, трансформатор стансасы мен метеорологиялық қондырғылар орнатылмақ. Ал күзде әуежай толықтай жабылады. Былтыр ұшу-қону алаңын жөндеуге бөлінген 6,3 млрд. теңгенің 3,7 миллиарды жұмсалған. Ал қалған ақша 1-қарашаға дейін игерілмек. Салынғалы бері 40 жылдан астам уақыт өтсе де, жөнделмеген әуежай қалпына келтірілгесін, өзге елдермен әуе байланысы жақсарып, кез-келген ұшақты қабылдауға жағдай жасалмақ.
Қазыбек Меңеев, БҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
1-мамырдан бастап самолеттер таңғы 7-9 шейін, кешке 7-ден кешкі 9-ға дейін ұшады. Сосын 1-қыркүйектен бастап, сол ұшып-қону желісінде жұмыс басталғанда самолеттер тоқталынады деп отыр ұшулар.
Еркін КАРИН