Сауд Арабиясы ДАИШ-пен күресте Сирияға көмек қолын созбақ

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2016
  • 1482

Сауд Арабиясы Сирия аумағына ДАИШ-пен күрес үшін арнайы жасақ кіргізбекші. Корольдіктің сыртқы істер министрі Әдел әл-Джубейр АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен өткен кездесуден соң осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды. Бұған дейін Эр-Риядтың Сирияда әуе операцияларын жоспарлап жатқанын Сауд Арабиясы қорғаныс министрінің кеңесшісі Ахмед Асири де айтқан. Вашингтон бұл қадамды құптап отыр. Алайда Дамаск пен Тегеранның ұстанымы бөлек. Башар Асад әкімшілігі мұны агрессия деп қабылдайды.

Еске салайық, Сирия аумағында саудиттер ДАИШ лаңкестерін қырып жатыр. Оларға АҚШ-тың террорға қарсы коалициясы қолдау көрсетуде. Түрлі дереккөздердің мәліметінше, жиһадшылармен күрес тек сылтау ғана. Бұлар негізінен билікке қарсы шыққан әскерге қару-жарақ жеткізіп, Башар Асадты тақтан тайдырмақ.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА