Америка Құрама штаттарының қос әскери кемесі Йемен жағалауына аттанды. Пентагон өкілдеріне сілтеме жасаған, «Рейтерс» агенттігінің ақпаратына сай, кеменің бірі әскери ұшақ тасымалдаушы-«Теодор Рузвельт», ал екіншісі «Нормандия» зымыран- крейсері. 
 
Ресми Пентагон «Теңіз техникалары Иран хуситтеріне қару-жарақ жеткізушілерді қолға түсіру мақсатында аттанды» деген ақпаратты жоққа шығарды. Әскери кемелер Йемен жағалауындағы Американың жеті кемесіне барып қосылатынын  айтқан. Жақында  Сауд  Арабиясы мен басқа да араб мемлекеттері АҚШ-тың қолдауымен хуситтерге қарсы әскери -операцияны ертерек бастап кеткен еді. 
 
Нәтижесінде, Халықаралық ұйымдардың мәлімдеуіше, әскери-қақтығыс салдарынан гуманитарлық көмекке зәру адамдар саны 16 миллионға жетіп отыр. 
 
Заңғар САНАЙ