Мәжіліс сотталғандарды жұмыспен қамтуға жағдай жасамақ. Бүгін палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутат Светлана Бычкованың айтуынша, сотталушылардың еңбек процесіне қатысуы олар үшін тиімді болмақ. «Осылайша, сотталушылар өздері келтірген шығынның орнын толтырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігіне ие болады», - дейді ол.
Айта кету керек, сотталушыларды жұмыспен қамтамасыз ету күрделі күйінде қалып отыр. Мәжілісмен келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінде сотталғандар арасындағы еңбекке жарамды азаматтардың тек 48 пайызы ғана жалақы төленетін жұмысқа ие.
Мөлдір ДЮСЕКИНА