«Бүгін Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен ертең Астанада өтетін ХХІІ сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. Сондай-ақ этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін дамыту жөнінде айтып берді. Кездесуде өңірлердегі достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы да әңгіме болды.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ