Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясы өтеді

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1123

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясы өтеді. Ұйымның 20 жылдығына орайластырылып отырған жиынға мемлекет басшысы төрағалық етіп, өңірлерден мың жарымнан астам делегат келеді деп жоспарлануда. Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» ұранымен ұйымдастырылған сессия, Ассамблея жылы - Қазақстан халқының жетістіктерін паш етуге арналады.

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата заңның 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы - барша қазақстандықтардық ортақ қуанышы делінеді хабарламада. Бірлік пен келісім символына айналған ұйымның айтулы датасын атап өтуге шет елдік саясаткерлерде қатысады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ