Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында баласына екпе жасатудан бас тартқандар көбеюде

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1266

Батыс Қазақстан облысында баласына екпе жасатудан бас тартқан ата-аналар көбейіп барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары осылай дабыл қағуда. Бүгінде аймақта 300-ден астам әртүрлі жастағы балалар, түрлі ауруларға қарсы егу шараларынан өтпеген. Өңір дәрігерлерінің айтуынша, екпе жасатуға қарсы ата-аналардың басым бөлігі түрлі діни ағымдардың өкілдері. Оларды райынан қайтарып, түсінік жұмыстарын жүргізуге дәрігерлермен қатар, дінтанушы мамандар да көмек қолын созыпты.

Айнаш Ғұбайдуллина, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Атап айтқанда еліміздегі үлкен мәселе деп айтуға болады. Біздің елімізде басқа облыста да осындай балалар кездесіп жатыр, біздер өзіміздің әріптестерімізден сұрап, біліп, ақпараттарды алып отырмыз. Тіпті кейбір көрші елдерде де осындай жағдайлар, бас тарту кездеседі екен. Теріс діни бағыттағылар барлығы. 383-тің 62 пайызы  теріс діни бағыттағы ата-аналар. Көбінесе жаңағы өзгеше діни киім киеді, әртүрлі діни ұстанымдары бар.

Еркін КАРИН