Чилидің оңтүстігінде 40 жыл бойы «ұйқыда» жатқан Калбука жанартауы оянды. Отты лава 20 шақырымға дейін жайылды. Жергілікті билік қауіпсіздік аумағын кеңейтіп, аймақта төтенше жағдай жариялады деп хабарлайды «Рейтерс». Жақын маңдағы Ла Энсенада қаласынан мыңнан астам адам көшірілді. Құтқарушылар өзге де елді-мекен тұрғындары эвакуациялануы мүмкін екендігі жөнінде ескерту жариялады. Тұрғындар көліктерін қамдап, керек-жарақтарын жинастырып жатыр. Ел үкіметі адамдарды дүрлікпей, сабыр сақтауға шақырады. Жанартауға жақын жерлерде қауіпсіздік үшін, ұшақтардың ұшуына тиым салынды.
Мөлдір ДЮСЕКИНА