Қырғыз елінде Жеңіс күніне арналған шеру мамыр айының тоғызынан жетісіне ауыстыруылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2015
  • 1632

Қырғыз Республикасының Қарулы күштер Бас штабына сілтеме жасаған, ТАСС агентігінің хабарлауынша, «Қырғыз астанасында Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шеру, мамырдың 9-ынан 7-сіне ауысуы мүмкін».  Бас штабтың баспасөз қызметі «әзірге бұл талқыланып жатыр,  ресми шешім шығарылған жоқ»,- деген.

Қарулы күштер бас қолбасшысы, ел Президенті Алмазбек Атамбаев, 9-шы мамырға Ресей тарапынан ұйымдастырылып жатқан, Жеңіс шеруіне шақыру алғанын хабарлаған. «Ал премьер-министр Жоомарт Оторбаев отставкаға кетуге өтініш жасаған. Сондықтан Бішкекте 9-мамыр күні  шеруге қатысатын басты тұлғалар болмайды,- дейді баспасөз қызметіндегілер. Алайда «бұл мәселе  әзірге шешілген жоқ» деп отыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ