Русский Сайттың толық нұсқасы

«Intelsat 904» жер серігінің істен шығуына байланысты отандық арналардың басым бөлігінің хабар таратуы бірнеше сағатқа тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2015
  • 1351

Бүгін қазақстандықтар бірнеше сағатқа отандық телеарналардың басым көпшілігі мен бірқатар шет елдік арналардың хабарынан ажыратылды. Оған «Intelsat 904» жер серігінің істен шығуы себеп болды.

Республикалық ғарыштық байланыс орталығының өкілдері біздің арнамызға түсінік берді. Айтуларынша, еліміздің барлық жер үсті желілері «ҚазСат-2» қазақстандық жер серігіне шұғыл көшірілген. Қазір қазақстандық арналардың хабар таратуы толық қалпына келтірілді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ