Әйгілі Google компаниясының атқарушы директоры Сундар Пичаи 199 млн АҚШ валютасы көлемінде бонус алды. Бұл жөнінде Bloomberg жазды. Мұндай айрықша сыйақыны Пичаи тек үш жылдан соң ғана пайдалана алады. Сондай-ақ оған бонус қолма қол ақша түрінде емес, акция түрінде беріледі. Агенттіктің хабарлауынша, егер Пичаи бұл сыйақыны иемденсе, сол сәтте-ақ ол әлемдегі ең жоғары табыс тапқан топ-менеджер атанып шыға келеді.
Оған дейін мұндай сыйақыны иеленгендердің алған бонус мөлшері екі есе аз болатын. Мәселен, VMware Inc-тің бұрынғы бас директоры Диана Грин 148 млн көк қағаз алды. Ал Google-дың қаржы директоры Рут Порат 38 млн америка валютасын иеленген.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ