Президент сайлауын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 1026 байқаушы қадағалауда. Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпарға сай, басым бөлігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы атынан - 410 байқаушы. Бірқатары - Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросынан. Жалпы саны 293 адам акредиттелді.
Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 10 адам тіркеуден өткен. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен 15, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясынан 11 және Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 3 адам. Одан бөлек 37 мемлекеттен 116 тәуелсіз байқаушы акредиттелді. Сыртқы істер министрлігі 37 мемлекеттен 168 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеуден өткізді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА