Қазақстанда өтіп жатқан сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі туралы алғашқы ақпараттар да белгілі болды. Айта кетейік, мұндай мәліметтер Орталық сайлау комиссиясына әр сағат сайын келіп түсіп жатыр.
Жұрағат БАМАН, тілші:
Дәл қазір Орталық сайлау комиссиясында жұмыс қызу қарқынды жүріп жатыр. Әр сағат сайын сайлаушылардың қанша бюлеттень алғандары туралы ақпарат жер-жерлерден келіп түсуде. Алдын-ала мәлімет бойынша қазір ең белсенді өңірлер Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болып отыр.
Марат Сәрсембаев, ОСК мүшесі:
Айта кетейік, дауыс берушілердің белсенділігі туралы ақпарат әр сағат сайын келіп жатыр. Біз сағат 17:00 де толықтырылған мәліметті тағы жариялайтын боламыз.
Жұрағат БАМАН