14 облыстың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері өз қызметтерін сақтап қалды. "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жөніндегі жарлықтарға қол қойды", - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша ел президенті қайта сайланған соң, бүкіл әкімдер өз қызметтерін әрі қарай жалғастыра бермек. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған кезекті Жарлыққа сай, Нұрлан Нығматулин де Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі лауазымын атқара бермек.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА