Қазақстан алдағы сайлауларында учаскелердегі сайлау комиссиясы мүшелерінің санын арттыру керек. Бүгін Орталық сайлау комиссиясындағы арнайы брифингте ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев осындай ұсыныс айтты. Оның айтуынша, ТМД миссиясының байқаушылары 3 мыңнан астам сайлау учаскесінде болған. "Сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді. Азаматтардың дауыс беруіне еш кедергі болған жоқ", - деді ресейлік байқаушы.
Сергей Лебедев, ТМД байқаушылары миссиясының басшысы:
Сайлаушылардың белсенділігі зор болды. Әсіресе таңғы уақытта. Көбісі кезекке тұрып жатты. Осы орайда алдағы сайлауларда учаскелердегі сайлау комиссиясы мүшелерінің санын арттыруды ұсынамыз. Біз барған учаскелерде сайлау комиссиясының бес-алты мүшесі ғана отырды. Олардың саны 8-9 немесе онға жетсе, дауыс беру процесі тезірек жүруші еді. Ал жалпы сайлау барысында еш заң бұзушылық болған жоқ.
Жұрағат БАМАН