Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазгидромет: бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2015
  • 1046

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұл жөнінде Қазгидромет хабарлады, - деп жазады Қазақпарат. Елдің көптеген аймақтарында тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста қатты нөсер жауады деп күтілуде, кей жерлерде жел күшеюі мүмкін. Тек батыс пен солтүстік-батыста күн райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман байқалуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  жоғары өрт қаупі сақталады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА