Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда балық шаруашылығымен айналысатын жеті зауыттың 5-уі сатылады

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2015
  • 1514

Қазақстанда балық шаруашылығымен айналысатын жеті зауыттың бесеуі сатылады. Бұл туралы еліміздің ауыл шараушылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Айтуынша, бұл шара жекешелендірудің екінші толқыны аясында іске асырылады. Олар Петропавл, Алматы, Қапшағай, Ақмола және Қызылорда өңірлеріндегі зауыттар.

Сондай-ақ, вице-министр алдағы 5 жыл мерзімге Каспий теңізінде бекіре балығын коммерциялық аулауға мораторий жарияланатынын айтты. «2010 жылы Каспий теңізімен шекаралас мемлекеттер арасында су биологиялық ресурстарды ұтымты пайдалану және сақтау туралы келісім жасалған. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі осы келісімнің күшіне енуге қажетті процедураларды өткізуде» - деді Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Өткен жылдың қыркүйек айында Астрахан қаласында бес Каспий маңы мемлекеттері осы келісімге қол қойды. Балық шаруашылығын одан әрі дамыту және қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында үкіметтің 2015 жылғы заң жобалары жұмыстары жоспарына сәйкес, министрлік Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі.

Жұрағат БАМАН