Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы балабақшаларда бүлдіршіндер арасындағы сайыс мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2015
  • 1814

«Балалар бейбітшілікті қалайды». Қызылордадағы балабақшаларда  осындай атаумен бүлдіршіндер салған суреттер байқауы өтіп жатыр.  Осыдан бір ай бұрын жарияланған шара Жеңістің 70 жылдығына арналған. Қазылардың қарауына жалпы саны 80-ге жуық жұмыс түскен.

Балалардың бірі - тату отбасын сипаттаса, екіншісі ашық аспанды суреттепті. Тіпті өз ауласы мен достарын бейнелегендер де бар. Ал кейбір суреттерде ұшақ, танк, зеңбіректер көрініс тапқан. Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, суреттерге қарап, әр баланың бейбітшілік туралы ұғымын тануға болады. Балғындар соғыс жайлы ата-аналары мен тәрбиешілерінен естігендерін айтады. Сондай-ақ, кинодан көргендерін де жасырмайды.

Мағжан Әбибулла, сайысқа қатысушы:

Менің үйімде атам бар, ол соғысқа қатысқан. Маған соғыс туралы көп айтып берген. Мен атамды мақтан етемін.

Шарипа САҚТАПОВА