Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстандық көліктерге кедендік баж салығы сақталады

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2015
  • 1108

Қырғызстандық көліктер кедендік баж салығынан босатылмайды. Бұл жөнінде Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.

Қырғызстан осы айда Еуразиялық экономикалық одаққа толыққанды мүше болуды көздеп отырғаны мәлім. Вице-министр «Кедендік кедергілер алынып тасталғасын, қырғыздың арзан көлігі ел нарығын жаулап алуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді. 

Оның сөзінше, әу баста көрші ел көліктерді одақ аумағында сату үшін 10 жылға дейін баж салығынан босатуды сұраған. Бірақ соңғы жылдары қырғызстандықтардың сырттан 100 мыңға тарта машина сатып алғанын және оларды экспорттауы мүмкіндігін ескеріп, Кедендік одақ талаптарына сай шектеулер енгізілді. Мәселен, Қырғызстанға 2014 жылы әкелінген көліктер одақ елдеріне сатылатын болса, олардан кедендік баж салығы алынады.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Біз елге автоқоқыстың лап қойғанын қаламаймыз. Сондықтан Қырғызстаннан келетін көліктерге қойылатын белгілі бір шектеулер бар. Ол шектеулер бойынша, көлік, Кедендік одақ регламетіне сәйкес, біріншіден, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ