Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани құттықтады. Бұл туралы Иранның Қазақстандағы Елшілігінен хабарлады,-деп жазады Қазақпарат.
«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза! Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтаймын! Бұл таңдау Иран мен Қазақстанның екі жақты қарым-қатынастар аясында жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруына жақсы мүмкіндік жасайды. Жаратушы Иемізден Сізге мықты денсаулық пен зор жетістіктер тілеймін !» - деп жазылған құттықтауда.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА