100 жер қойнауы аукционға шығарылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2016
  • 1650

Тағы 100 жер қойнауы аукционға шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді. Былтыр желтоқсанда алғаш рет 100 жер қойнауы аукционға шығарылған. Оның 79-ы барлауға, 27-сі өндіруге бағытталған.

Бүгінде соның 39 бойынша келісімшарт жасалды. Аукционға қатысушылар, жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін, бонус құнын төлейді. Ең қымбаты - 280 млн теңгеге шаққан алтын кеніші. Бонустан барлығы 1,2 млрд теңге түскен. Қазақстанның қазба байлығын игеруге неміс, жапон, корей мен қытайдың ірі компаниялары қызығушылық танытты. Әсіресе алтын, мыс және сирек метал кендерін барлап, өндіруге сұраныс көп.

Базарбай Нұрабаев, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы:

Неміс компаниясына жаңа жер қойнауларын таныстырдық. Олар өздерін қызықтыратын 15 кенішті таңдады. Өз елдерінде анықтама таратып, инвесторларды құлақтандырды. Қазір Қарағанды облысында барлау жұмыстарын басталған. Корейдің ұлттық компаниясы, австралиялықтар мен жапондарды сирек кездесетін металдар қызықтырады. Ақшалары бар, игеруге дайын. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ