Қазақстандықтардың 90 пайыздан астамы сайлауға келіп, дауыс беретіні о бастан-ақ белгілі болды. Ақтөбедегі гректердің «Эллада» этно-мәдени орталығы өкілдерінің 26-сәуірде кезектен тыс өткен президент сайлауы туралы пікірі осындай. Орталық жетекшісі Ян Липириди, халықтың кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалды деп санайды. Сондай-ақ, «жарқын болашағының кепілі - дұрыс таңдау жасау. Осыны жақсы түсінген ақтөбеліктердің 90 пайызға жуығы ертемен сайлау учаскесінен табылды», - деді ол.
Ян Липириди Ақтөбе облыстық «Эллада» Этно- мәдени орталығының жетекшісі:
26-шы сәуір күні таңертең 7-де жанұяммен сайлау учаскесіне бардым. Дауыс бергеннен кейін сол маңда біраз бақылап тұрдым. Ақтөбеліктер барлық отбасымен келіп, дауыс бергендігін көрдім. Бұл олардың еркін таңдауы болды. Ешкімді де күштеп, жетектеп келген болмады. Барлығы демократиялық тұрғыда өтті.
Мансұр ЕСХОЖИН