Астана қалалық мәслихатының депутаты болуға әзірге 27 адам үмітті. Бұл азаматтардан өтініштер Елордадағы 25 сайлау учаскесі бойынша қабылданған. Оның 18-і ерлер болса, 9-ы әйелдер екен. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті жиынында Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы осындай ақпарымен бөлісті.
Жалпы сайлауды ұйымдастыруға Астана қаласы бойынша 2 мыңнан астам мүшесі бар 307 сайлау комиссиялары міндеттеме алып отыр. Оның 4-уі аумақтық, 25-сі округтік және 278-і учаскелік болмақ. 213-і қала аумағында жұмыс істейді. Әзірге 27 кандидаттың үшеуі тіркеуден өтіп отыр.
Игілік Жалбыров, Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:
Қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті 27 адамның екеуі Қазақстан халықтық коммунистер партиясының өкілдері болса, өзге 25-і өздерін ұсынып отырған азаматтар. Ал жалпы мәслихат депутаттығына 25 орын бар. Әзірге ұсынысынан бас тартқандар жоқ.
Сондай-ақ жиын барысында белгілі болғандай, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша сайлау комиссияларының төрағалары жаңадан тағайындалған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері мәлімдеді.
Құралай ПИОНЕР