Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай сәуір көрсеткіші бойынша ең ірі мұнай импортері атанды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2015
  • 1190

Қытай алғаш рет Америка Құрама Штаттарынан озып, әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы ел атанды. «Сәуір көрсеткіші осыны байқатты», - деп жазады «Коммерсантъ» газеті.  Осылайша, өткен айда аспан асты елі қара алтынның бір тәуліктегі импортын - 7,37 миллион баррельге жеткізген. Бұл әлемде тұтынылатын әр мұнайдың 13-ші баррелі Қытайға тиесілі деген сөз. Бұл кезеңде Құрама Штаттар мұнай импортын күніне 7,2 миллион баррельден асырмаған.

Ресми Бейжің мұндай қадамға жалпы экономикалық өсімнің тежелуіне қарамастан, барып отыр. Сондай-ақ ел мұнай экспортын да күрт қысқартқандығын, айта кеткен жөн. Energy Aspects консалтингтік компаниясы келтірген мәліметтеріне сай, импорт өсімі Ираннан жеткізілетін мұнай көлемінің артуымен байланысты. Оман мен Абу-Дабиден жеткен мұнай танкерлерінің рекордтық санын China Oil сатып алған көрінеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА