«Нұр Отан» партиясы журналистерге арналған дәстүрлі «Нұр сұңқар» байқауының басталғанын хабарлайды. Биыл тұңғыш рет радиожурналистер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын көтерген БАҚ қызметкерлері марапатталады. Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталмақ.
Байқауға қатысу үшін 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 11 маусымына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдарды 12 маусымға дейін тапсыру керек. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. Байқау Ережесімен www.nurotan.kz сайтында танысуға болады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ