Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана экономикалық форумынының шығыны айтарлықтай қысқартылды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2015
  • 1304

Астана экономикалық форумынының шығыны айтарлықтай қысқартылды. Бұл туралы «Қазақстанның экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорының директоры Бағдат Қадыров мәлімдеді. 21-22 мамырда Астанада дәстүрлі экономикалық форум өтеді. Биылғы форумға қатысу үшін бүгінге дейін 7 мың адам тіркелген. Оның үш мыңы шетелдік қонақтар. Сондай-ақ, 200 ден астам беделді спикерлер келмек. Олар үкіметтер басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары және танымал ғалымдар. Биыл сессиялар саны да қысқартылып, ең өзекті мәселелер сұрыпталған. Ол «Мұнай бағасының төмендеуі және оның әсері», «Ресей рублінің құлдырауы және оның Орта Азия едеріне әсері», «Ұлы жібек жолын жаңғырту» және «Қазақстанға инвестиция тарту» тақырыптары. Бас тақырып – «Инфрақұрылым - экономиканың тұрақты дамуының драйвері» деп аталады. Айта кетейік, соңғы 7 жылда осы форум шеңберінде 19 млрд. долларға теңесетін түрлі келісім-шартқа қол қойылған.

Бағдат Қадыров, «Қазақстанның экономикалық бастамалар қоры» Корпоративтік қорының директоры:

Нобель лауреаттары, ол кісілердің уақыттары аз бізге келу үшін графиктерін өзгертеді. Ол кісілерге гонарар төлейміз. Жалпы бюджетті қарағанда көп ақша емес ол. Бір адамды айта алмаймын. Келісім шартымыз бар. Әр кісінің тарифі бар.

Мөлдір ДЮСЕКИНА