Еуразиялық экономикалық одақ бірыңғай қызмет көрсету мен тауарлар каталогын құруды жоспарлап отыр. Мұндай ақпарат Белорусь ұлттық жиыны жанындағы өкілдер палатасының отырысында айтылды. Еуразиялық экономикалық комиссияның мемлекеттік сатып алулар бойынша департаменті басшысының орынбасары Анатолий Филоновтың сөзіне жүгінсек, бірыңғай каталогтың құрылуы бүгінде аса өзекті мәселелердің бірі. Осы арқылы электронды айналым жүйесі жүзеге асады. Сонымен бірге комиссия мүшелері одақ құрамына жуырда ғана енген Арменияны ортақ мемлекеттік сатып алу нарығына қосу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Дегенмен, жұмыс барысында шешілмей отырған мәселелер де жеткілікті деп хабарлады департамент басшысының орынбасары.
Самат ҚАНАҒАТОВ