Русский Сайттың толық нұсқасы

«Байқоңырдан» ұшырылатын зымырандарды тамашалау 200 мың теңге

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2016
  • 2377

«Байқоңыр» кешенінен басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылу сәтін кез-келген қазақстандық тамашалай алады. Ол үшін отандық турист  екі жүз мың теңгедей қаражат төлеуі керек. Ресей тарапы Байқоңырдағы ғарыш туризмін дамытуға рұқсат берді. Туристік пакетте барлық жағдай қамтылған. Қызылордадан Байқоңырға дейінгі жол, жабық қалаға кіру, мейманханаларға орналасу мен үш мезгіл тамақ. Сондай-ақ жолда Қорқыт-Ата кесенесіне зиярат етуге болады. Оның құны туристердің санына байланысты. Бес адамға дейінгі саяхатшылар екі жүз мың теңге төлейді. Топтағы туристер саны одан көп болса, жолдама құны шамамен жүз мың теңгедей болмақ.

Дана Рафимова, туристік компанияның менеджері:

Тур бағдарламасына ұшу алдындағы барлық іс-шаралар кіреді. Халықаралық конференция, Королев және Гагарин мемориалдық үйлерін аралау, қала ішіне автобуспен саяхат жасау және зымыранның ұшуын көру кіреді. Ұшу кестесін біз Роскосмостан алып отырамыз және оны өзіміздің веб-сайтымызда орналастырып тұрамыз. 

Шарипа САҚТАПОВА