АҚШ Ресейдегі демократиялық күштерге қолдау білдіру үшін, осы мақсатқа жұмсалатын шығын көлемін арттырмақ. Түрлі елдердегі демократияға демеу беретін ұлттық қор Америка бюджетінен қаржыландырылады. Аталған қор 2014 жылы Ресейдің коммерциялық емес ұйымдарына көмек ретінде 9,3 млн доллар бөлген. Бұл 2013 жылғы қаржыдан 1,3 млн долларға артық деп жазады «Известия» басылымы. Демократияны қолдайтын қорға АҚШ үкіметінің халықаралық істермен айналысатын агенттігінен жылына 100 млн доллар түседі. Ал 2012 жылы Ресейдегі бұл қордың қызметіне тыйым салынды. Жыл сайын Американың демократияны қолдайтын ұлттық қоры әлемнің 100-ден астам еліне адам құқықтары мен сөз бостандығына жәрдем ретінде 1 - 2 мың грант бөледі.
Айгүл ӘДЕПБАЙ