Ұлттық қор активі 5 триллион 459 миллиард 6 миллион теңгеге толықты. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2014 жылды қортындылай келе, республикалық бюджеттің атқарылуы жайында Парламенттің төменгі палата депутаттары алдында осындай есеп берді. Бас қаржыгер ұлттық қордың жалпы активі 2015 жылдың 1 қаңтарында 16 триллион 500 миллиард теңгеден асқанын айтты. Оның ішінде 1 трлн. 955 млрд. теңге - инвестициялық кіріс. Бұл соманың 63,5 пайызы мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар болып табылады.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Былтырғы жылдың екінші жарты жылдығында экономика өсімі айтарлықтай ақырындағанына қарамастан, салықтық түсімдер бірінші жарты жылдыққа қарағанда 310 млрд теңгеге артты, ал бұл көрсеткіш алдыңғы жылғымен салыстырғанда 121 млрд теңгеге көп болды.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА