Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран мен Еуроодақ табиғи газды батыс нарығына жеткізу бойынша келіссөз бастауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2015
  • 1000

Иран мен Еуропалық Одақ ислам мемлекетінде өндірілетін табиғи газды батыс нарығына жеткізу жөнінде келіссөз бастауы мүмкін. Бұл туралы Иран мұнай министрінің орынбасары Хамида Реза Аракиге сілтеме жасап Иран телеграф агенттігі хабарлайды. Шенеуніктің сөзінше, бұл мәселе Иранның халықаралық мұнай, газ және мұнай химиясына арналған жиырмасыншы халықаралық көрмесінде батыс мұнайшыларымен алдын-ала талқыланған. Алайда нақты келіссөздер қашан және қайда өтетіні хабарланбайды.

Ал Иран тарапы шетелдік инвесторлар қаржысына газ құбыры құрылысын бастауға ниетті. Бұл жайында да министрдің орынбасары Араки мәлімдеді. Бірақ келіссөздер әлі бастапқы сатыда деген желеумен, ол тағы да мән-жайдың анық-қанығын жарияламады. Ал сапаршылар санкциялардан арылғаннан кейін, келешекте Тегеран батысқа экспорттайтын газ көлемін жылына 20 млрд текше метрге дейін жеткізе алатынын есептеп те қойған, яғни осы орайда Ресей мен Иран арасында кикілжің туындауы мүмкін деген болжамдар бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ