АҚШ Конгресі Солтүстік Кореяға қарсы шектеулерді қатаңдатты

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2016
  • 1758

АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қатаңдатты. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Конгресстің төменгі палатасы да осындай қадамға барған. Ізінше Сеул мен Токио да шектеулерді  қатаңдатуы мүмкін деген болжам бар.

Айта өтейік, Оңтүстік Корея, Жапония мен АҚШ кездесу өткізбек. Сарапшылардың болжамынша, аталмыш елдер Пхеньянға қарсы санкциялар жайын сөз етеді. Таяуда Оңтүстік Корея билігі көрші елмен КЭСОН индустриалды кешені бойынша бірлескен жұмысты тоқтататынын мәлімдеген. Бірлескен жоба аясындағы 12 жылдық жұмыс барысында Солтүстік Корея 560 миллион көк қағаз көлемінде пайдаға кенелген.

Еске салайық, 7 ақпан күні Пхеньян келісілген резолюцияға қарамастан, баллистикалық зымыран ұшырды. Ал бір ай бұрын сутекті бомбаны сынақтан өткізген.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА