Қызылорданың ветеринар мамандары жабайы мысықтарға соғыс жариялады. Олардың айтуынша, қаңғыбас жануарлар құстарды жойып қана қоймай, адамдарға да жиі шабуыл жасайтын болған. Мысалы, осы жылдың өткен төрт айында 10 қызылордалық тұрғын мысықтардан зардап шеккенін айтып, дәрігерлерге шағымданған. Өткен жылда, дәл осындай 15 факті тіркелді. 2014 жылға қалалық бюджеттен Қызылордадағы қаңғыбас мысық пен иттерден санитарлық тазарту жұмыстарына 17 миллион 300 мың теңге қаражат бөлініп, игерілген. Бұл қаржыға ветеринарлық станцияның арнайы бригадасы екі мыңдай жабайы мысықты жойды. Ал жыл басынан бері шаһарда қаңғып жүрген бір жарым мыңға жуық мысық ауланды. Оларды қабылдап, паналататын арнайы орын болмағандықтан, мамандар дәрімен ұйықтатып тастауға мәжбүр.
Қуанышбек Ахметов, Қызылорда қаласы ветеринарлық станциясының директоры:
Биыл 18 миллион 700 мыңдай қаражат бөлініп тұр. Жыл аяғына дейін игереміз деп отырмыз. Ұрған жағдайда немесе қоқыстың арасында жүрген уақытта соның қасына барған жағдайда, мені ұрады, соғады деп шабуыл жасауы мүмкін. Бұл бір жағынан экологияға да пайдалы. Өйткені, ауру таратады, екінші жағынан-тазалық.
Шәрипа САҚТАПОВА