Қазақстан коммунистік халықтық партиясы үгіт-насихат жұмысымен Көкшетауға келді. Маркс-Ленин қағидатын ұстанған азаматтар алдымен жас партияластарымен кездесуді жөн көрген. Басқосуда елдің болашағы жайында келелі әңгіме қозғалды. Әрі басты ұстанымдары - батысқа еліктемеу қажеттігін де жастарға қадап айтып жатты. Коммунистер көкше жұртын өздерін қолдауға, электоралды компаниясына да белсенді түрде қатысуға шақырып отыр.
Тұрғын Сыздықов, ҚКХП ОК хатшысы:
Батыс қоғамында рухани-адами құндылықтардың құлдырауы адамның жоғалуынан да қауіпті. Мәселен, ақшаға құнығу, дивиденттердің соңындағы сергелдең адамдарды тұтынушы құлдарға айналдырды. Міне, біз жастардың бойын осыдан аулақ ұстауымыз қажет.
Құралай ПИОНЕР