Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада «Wynn Resorts» компаниясының басшысы Стивен Уинді қабылдады, - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстандағы туризм саласы мен қонақ үй бизнесі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, инвестициялық қызмет аясында бірлескен жобалардың жүзеге асыру перспективалары да сөз болды.
Айта өтейік, Стивен Уинн Лас-Вегаста ірі бизнесі бар миллиардер, әлемдегі ойын магнаты ретінде танымал.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА