Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар қалалық ТЖ басқармасы басшысы пара алды деген айыппен екі айға қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2015
  • 1137

Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Михаил Романевич пара алды деген айыппен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті прокуратура хабарлайды,-деп жазады Интерфакс-Қазақстан. Құзырлы органның ақпарына сай, пара бос нысанды қолданысқа беру туралы актіге қол қойдыру мақсатында берілген. Параның сомасы әлі жарияланған жоқ. Қылмыстық істі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті тексеруде. Айта кетейік, Михаил Романевич Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысы қызметіне 2013 жылдың қараша айында тағайындалған.

Жұрағат БАМАН