Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей премьері Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы еркін экономикалық сауда туралы келісімге қол қойды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2015
  • 1421

Ресей Федерациясының премьері Дмитрий Медведев Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы еркін экономикалық сауда туралы келісімге қол қойды. Бұл жөнінде министрлер кабинетінің баспасөз-қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды «РИА Новости». Келісімде Экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасында тауарлардың кедендік баж салығын төмендету арқылы мемлекеттер арасындағы тарифтерді және халықаралық сауданы ырықтандыру мәселесі қарастырылған. Ресей Үкіметі сондай-ақ, бұл келісімнің тауар айналымын ұлғайтып, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында сауда-экономикалық ахуалды жақсартарына сенімді. Мұнан бөлек Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен ынтымақтастықты дамытуға да ықпалын тигізеді деген ойда. Еске салайық, Еуразиялық Экономикалық Одаққа Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан мен Армения елдері мүше болып табылады.

Жұрағат БАМАН