Қазақстан ЕАЭО дағдарысқа қарсы қорынан көмек ретінде қаржы алмаған

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2016
  • 1401

Қазақстанның қаржылық жағдайы айтарлықтай ауыр емес. Сондықтан еліміз Еуразиялық экономикалық одақтың дағдарысқа қарсы қорынан көмек ретінде көк тиын да алмаған. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан мен Белоруссия аталған қордан қаржылай көмекті алған. Минскіге тіпті лимиті 1,7 млрд АҚШ валютасы екеніне қарамастан, 2,5 млрд көмек көрсетілген. Біздің елдің қордағы несие портфелі 2 млрд 30 млн көк қағаз көлемінде.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бүгінге дейін бір де доллар біз несие алмаппыз. Осындай дағдарыс кезінде сол қаржыны әлеуметткі жағдайды дамытуға пайдалануға болады ғой. Неге біз одан алмай жатырмыз? Қазір әр тиын есептеулі.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Болады. Бірақ аталған елдердің проблемаларындай бізде ондай проблема болған жоқ. Біздің қаржы жүйеміз тұрақты. Бюджетке түсімдер түсіп жатыр. Басқа да көрсеткіштер бәрі жоғары деңгейде. Сондықтан сұраныс болмағандықтан, осындай өтініш берген жоқпыз қорға. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ