Үкіметтік субсидияның қысқартылуы, Иранда жанармайдың 40 пайызға қымбаттауына әкелді. Бұл туралы Ислам Республикасының ақпарат агенттігі хабарлайды. Жаңа тарифтер 26-мамырдан бастап күшіне енеді. Былтырғы өсім жергілікті халықтың наразылығына тап болған. ОПЕК-ке мүше Иран тәулігіне 70 миллион литр сұйық отын тұтынады. Ал 2007 жылы жанар-жағармай бағасының көтерілу жаппай тәртіпсіздікке ұласып, бекеттер талқандалған. Ол кезде 10 адам қамауға алынған болатын.
Мөлдір ДЮСЕКИНА