ИЛИМ» лаңкестік ұйымның көзін жою үшін жылдар керек. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг CNN телекомпаниясына берген сұхбатында осылай деді. Айтуынша, «Ислам мемлекеті» содырларына қарсы жұмылған Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына мүше елдер, табандылық танытулары қажет. Айта өтейік, бүгінде «Ислам мемлекеті» Аль-Каиданы ығыстырған, ең ірі террористтік ұйым атанды. Сапында 200 мыңнан астам содыр бар. Күн сайын ұйымға мүше болуға ниетті еріктілер қатары да өсіп жатыр. ИЛИМ басшылары бұл қадамдарын құптап, түрлі арбау жұмыстарымен айналысады. Мәселен, бүгін белгілі болғандай өз қатарына қосыламын деушілерге үйлену тойлары үшін 500 доллардан сыйақы беруге уәде беріпті.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА