Сарапшы: Киіктердің қырылуына «Протон» зымырандарының тікелей әсері жоқ

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2015

Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер біздің арнамызға берген сұхбатында, киіктердің қырылуына «Протон» зымырандарының тікелей әсері жоқ, деген ойын білдірді. Ғалым өлкеслердің сынамасы еліміздің үш өңірде арам қатқан жануарлардың бір індеттен қырылғанын көрсетті дейді. Айтуынша, бұл инфекциялық ауру. Сондай-ақ, Цутер қажет болған жағдайда киіктер қырылған жерлерден алынған сынама Еуропаға жөнелтілетінін айтты.

Штефан Цутер, Франкфурт зоологиялық қоғамының өкілі:

Бізге белгілі ақпаратқа сүйенсек, мұндай версия орынсыз. Өйткені киіктер бір емес, бірнеше аймақта қырылып жатыр. Ал ракеталар құлаған аймақтар мүлдем басқа.

«Дегенмен, Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандары барлық версияларды егжей-тегжейлі тексереді», - дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Бағдат Азбаев.

Бағдат Азбаев, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы:

Ешбір версия назардан тыс қалмайды. Жұмыс тобы құрылды. Инфекцияны, өзге де нұсқаларды қарастырамыз, зерттеп, анығына көз жеткіземіз.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА