Русский Сайттың толық нұсқасы

«Bala Turkvizyon-2015» халықаралық балалар ән байқауына іріктеу басталады

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2015
  • 1710

Ел аумағында балаларға арналған халықаралық «Bala Turkvizyon» ән байқауына іріктеу басталады. Бұл туралы бүгін Алматыда сайысты ұйымдастырушылар айтты.

Эстрада жұлдыздары 7-8 маусым аралығында өңірлерді аралап, әр облыс пен Алматы және Астана қалаларынан жас дарындарды іріктемек. Конкурсқа 8 бен 13 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Іріктеуден өткен 16 дарын иесіне вокал, хореография және сахналық шеберлікке баулу жоспарланып отыр. Нәтижесінде Астанада қыркүйек айында финал өтіп, жүзден жүйрігі қарашада Түркіменстанда ел намысын қорғамақ.

Айта кетейік, түркі тілдес елдердің тарихында балалар арасында тұңғыш рет өтетін халықаралық шараны «Жандану әлемі» қоры қолға алып отыр.

Мұрат Исаханов, «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы:

Байқаудың ашылу салтанаты 30 мамырда Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығында өткізіледі. Онда 20-дан астам елдің дарынды балалары бас қосады. Мақсат - өнерлі балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету. 

А.ЕРМАХАН