Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістанда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны күн санап артып келеді

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2015
  • 1208

Соңғы екі күн ішінде Үндістанда аптап ыстықтан тағы 240 адам қаза тапты. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, ыстыққа шыдамай көз жұмғандардың жалпы саны 1 мың 412-ге жеткен. Бұл елде наурыз бен маусым аралығында сынап бағанасының 40 градустен асып кетуі қалыпты жағдай саналады. Дегенмен биыл ерекше күн шыжып тұр, сынап бағанасы +48 градусқа дейін жеткен. Жергілікті ғалымдар мұндай жағдай соңғы рет осыдан 60 жыл бұрын тіркелгенін айтады. Аптап ыстықтан, әсіресе елдің оңтүстік-шығысы зардап шегуде, бұл аймақтарда 1 мың 360 адам қайтыс болған. Кей өңірлердегі ахуалды су тапшылығы күрделендіріп отыр. Ауа райын болжаушы мамандар, алдағы екі-үш күнде жағдай өзгермейтінін хабарлаған. Айта кетейік, ауа температурасының көтерілуі Үндістанда осыдан бір апта бұрын басталған.

Әсем МҰХИТОВА