Жапонияның оңтүстігіндегі «Кутиноэрабу» аралында жанартау атқылады. Вулкан буы 9 мың метр биіктікке көтерілді, деп жазады Рейтерс. Елдің бас метеорологиялық басқармасындағылар қауіпті 5 баллға теңеп отыр. Әдетте, мұндай жағдайда адамдар шұғыл эвакуацияланады. Аралда барлығы 137 тұрғын бар. Соңғы кездері Жапонияда жанартаудың ояну деректері жиі тіркеліп отыр. Өткен қыркүйекте аяқ астынан Онтакэ жанартауы оянып, салдарынан 57 адам ажал құшты. Екі ай өтер өтпестен елдің оңтүстігінде Асо жанартауы атқылады. Жойқындылығы жағынан табиғаттың бұл құбылысы соңғы 19 жылда байқалмапты. Айта өтейік, әлемде бар жанартаулардың 7 пайызы Жапония аумағында.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА