Саяси науқан күні Ақтөбе облысында 526 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал олардың материалдық-техникалық базасы дайын. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясы, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, депутаттыққа үміткерлер мен сайлау комиссиясы хатшыларының басын қосқан семинар-кеңесте айтылды. Үгіт-насихат жұмыстарының басталуына санаулы күн қалды. Сондықтан жиында олардың жүргізілу ережелері пысықталды.
Гүлнәр Қонбаева, Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:
Бүгін біз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау тәртібін сөз еттік. Барлық деңгейдегі депутаттыққа үміткерлер мен саяси партиялардың іс-әрекеттерін нақтылап алдық. Жергілікті құзырлы орган өкілдерінің атқарған жұмыстары пысықталды. Сайлаушыларға барлық жағдай жасалуы тиіс екені ескертілді.
Мансұр ЕСХОЖИН