Русский Сайттың толық нұсқасы

Б.Нетаньяху Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы емес

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2015
  • 1412

Биньямин Нетаньяху Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы емес. Бұл мәлімдемені Израиль премьер-министрі Германия Сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайермен кездесуден соң жасады. Нетаньяху өз сөзінде палестиналықтарды келіссөзге үндеді. Сондай-ақ, мүмкіндікті пайдаланып, бұл жоспарын Германия Сыртқы істер министрімен бөлісті. 2015 жылдың 19-шы наурызында Израиль премьер министрі-Палестина үкіметіне-«Хамас» ұйымымен келісімді тоқтатып, тек Израильмен келісімге келу керектігін жеткізді.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

Мәселені тек келіссөз арқылы шешуге болады. Екі ел көрші болғандықтан, бір-бірінен ажырамасы анық. Біз Палестинаны мойындауға қарсы емеспіз. Бірақ, палестиналықтар - Израиль еврей мемлекетінің тәуелсіздігін мойындап, тікелей келіссөзге келсін. Өкінішке орай, Палестина үкіметі әзірше бас тартып отыр.

Самат ҚАНАҒАТОВ